Älipbï twralı
"Қойшы көп болса, қой арам өледі"
"Qoyşı köp bolsa, qoy aram öledi"
Осы сайтта ұсынылып тұрған ҚазЛат әліпбиі "академик Ә.Қайдар нұсқасы негізіндегі латын қаріпті қазақ әліппесі болып табылады. Аталмыш әліппе "ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігінің ресми сайтында 2004.04.16 күнінен бастап қолданылып жүр. Қазіргі заманда стандартталынған қазақ латын әліппесі жоқ екені - баршамызға белгілі жағдай болуы керек. Тор бетінде неше түрлі латын әліпбилерінің үлгілерін таба аласыз. Тіл дамуына кедергіден басқа болмайтын бұл өкінішті ахуалды жақсарту өз қолымызда.
Ұсынылып тұрған әліппе менің жеке қара басым ойлап тапқан жобам емес, бұл - Ұлттық Ақпарат Агенттігі қабылдаған әліппе. Менің кішкентай үлесім - осы құралды жазғаныммен шектеледі.
Сондықтан, ағайын, бір стандартқа, бірлікке келейік. Әркім өз қамын ойлап, өз жобасына жаны ашып отырса, қазіргі отырған жерімізде отыра береміз.
Osı saytta usınılıp turğan QazLat älipbïi "akademïk Ä.Qaydar nusqası negizindegi latın qaripti qazaq älippesi bolıp tabıladı. Atalmış älippe "QazAqparat" Ulttıq aqparat agenttiginiñ resmï saytında 2004.04.16 küninen bastap qoldanılıp jür. Qazirgi zamanda standarttalınğan qazaq latın älippesi joq ekeni - barşamızğa belgili jağday bolwı kerek. Tor betinde neşe türli latın alipbïleriniñ ülgilerin taba alasız. Til damwına kedergiden basqa bolmaytın bul ökinişti axwaldı jaqsartw öz qolımızda.
Usınılıp turğan älippe meniñ jeke qara basım oylap tapqan jobam emes, bul - Ulttıq Aqparat Agenttigi qabıldağan älippe. Meniñ kişkentay ülesim - osı quraldı jazğanımmen şekteledi.
Sondıqtan, ağayın, bir standartqa, birlikke keleyik. Ärkim öz qamın oylap, öz jobasına janı aşıp otırsa, qazirgi otırğan jerimizde otıra beremiz.


QazTranslit